ДДҰ 2019-nCoV деп белгілеген жаңа коронавирус (қыт. 2019新型冠狀病毒)[1][2], сондай-ақ Ухань коронавирусы, Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базардағы пневмония вирусы және Ухань пневмониясы деген атаумен танымал[3] — оң мәнді, біржіпшелі-РНҚ құрамды коронавирус. Алғашқы күдікті жағдай туралы ДДСҰ-ға 2019 жылдың 31 желтоқсанында хабарланды, ал ауру симптоматикасы бар алғаш науқас үш апта бұрын, 2019 жылдың 8 желтоқсанында тіркелген. 2019-20 жылғы Уханьдағы жаңа коронавирус індеті кезінде пневмонияға шалдыққан науқастың оң сынамасында нуклеин қышқылы зерттеліп, вирус геномы секвенделді.[4][5][6].
2020 жылдың 20 қаңтары Қытайдың Гуандун провинциясында вирустың адамнан адамға берілетіні дәлелденді[7]. Әзірге вирусқа қарсы арнайы ем шықпады.
Қазіргі кезде вирусты 2065 адамның жұрықтырғаны, 56 адамның қайтыс болғаны, ал 49 адамның сауыққаны белгілі.
Вирус Қытай (2033 адам жұқтырған)[8][9], Тайланд (5), Гонконг (5), Аустралия (4) Сингапур (3), Тайвань (3), Франция (3), Жапония (2), Малайзия (3), Макао (2), Вьетнам (2), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1) елдерінде анықталған. 26 адамның қайтыс болғаны белгілі (барлығы Қытайдан)[8].
2019-nCoV коронавирусының белгілері пневмония не ауыр жіті респираторлы синдром әйгіленімдеріне ұқсас:
Кеуде торы рентгенографиясында екі өкпенің бірдей зақымдалуын көруге болады. Ауруханаға түскен кездегі өмір көрсеткіштері (дене қызымы, жүректің жиырылу жиілігі не пульс, тыныс жиілігі, қан қысымы) тұрақты. Қан талдауында лейкоциттердің төмендеуі (лейкопеня мен лимфопения) анықталады.
Инкубациялық кезең 6-12 күнге созылады. Егер адамнан адамға жұқса, бес күннен аспайды. Көбіне жануардан берілген кезде инкубациялық кезеңнің ұзаруы жүреді.
Мәліметтерді алдын ала талдау нәтижесі бойынша науқас адаммен жанасқанда жұқпалылықтың жоғарылауы анықталған.
Вирустың адамнан адамға берілетіні анықталып, дәлелденді[12].
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV коронавирусын жұқтыру қаупін төмендету үшін қажет ұсынымдар жариялады[13]:
Дәл қазір вирусқа қарсы арнайы ем жоқ, алайда бұрыннан бар вирусқақарсы препараттар негізінде шығарылуы мүмкін[14].